Түркістан облысы

Мәжіліс депутаты аудандағы бірқатар нысандарды аралады

0
(0)

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай Түлкібас ауданына іс-сапармен Түлкібас ауданында болды, деп хабарлайды newsroom.kz.тілшісі.
Мәжіліс депутаты өңірімізде тұңғыш рет ашылған «Дәрігерлер аллеясына» ат басын бұрып, қазіргі таңдағы ақ халатты абзал жандардың адал жұмысына бас иді.

«Тұңғыш Президент» саябағы бүгінгі таңда аудан тұрғындарының тамаша демалыс орынына айналған. Осы демалыс аймағының жұмысымен танысқан Дархан Қамзабекұлы атқарылған жұмысқа ризашылығын білдірді.

Қазақ халқы ақыны мен батырын ерекше құрметтеген, қадірлеген халық. Осы мақсатта жерлесіміз Дархан Мыңбай ақын Әбдібек Аралбайұлының шаңырағында болып, «Қазақ әндері» атты кітапты ақынға сыйға тартып, керемет естелік әңгіме өрбітті. Халық санының ұдайы өсуіне орай аудан орталығында бой көтерген «Майлыкент» мектебінің құрылысына ат басын бұрып, бұл жердегі атқарылып жатқан жұмыстардың да куәсі болды. 300 оқушыға арналған мектеп құрылысы 2022 жылдың сәуір айында аяқталып пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button