Түркістан облысы

Мәжіліс депутаты ауыл тұрғындарымен кездесті

0
(0)

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай кәсіпкерлік және ауылшаруашылық саласының мамандарымен кездесіп, жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды newsroom.kz.тілшісі.

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай Түлкібас ауданына іс-сапармен келіп, кәсіпкерлік және ауылшаруашылық саласының мамандарымен кездесіп, жұмыстарымен танысты. Алдымен Түлкібас ауданы, Азаттық ауылында орналасқан «Майлыкент-сүт» өндірістік кооперативінде болып, жұмысшылармен тілдесті.

Ауыл тұрғындары осындай өндіріс құрылғыларын меңгеріп, отбасын асырап, елеулі еңбек етіп жатқан жұмысшыларға халық қалаулысы ризашылығын білдірді. Өндіріс орнында маусымдық науқан кезінде күніне 22 тонна өнім өндіріледі. Ауданға қарасты ауыл тұрғындарының сүтін жинап, одан 12 түрлі өнім шығаратын өндіріс орыны ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, облыс аймағына өз өнімдерін өткізуде. Кооператив басшылығы халық қалаулысына өндіріс саласына бөлінетін субсидия мәселесін шешілуіне ықпал жасалса деген ұсынысын білдірді.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button