Түркістан облысы

Түркістан: мемлекеттік қызметшілер бақ сынасты

0
(0)

Түркістан облысы Жетісай ауданының мемлекеттік қызметшілері төл мерекесінде кіші футбол, арқан тартыс, қол күресі сынды спорт түрлерінен сынға түсті. Ауданда әкімдік бастамасымен мемлекеттік қызметкерлер арасында дәстүрлі спартакиада өтті. Ауданға қарасты қала, кент, ауылдық округтерден құрылған 10 командада 200-ге тарта азамат болды.
Спартакиаданың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насиxаттау, қызметшілердің бұқаралық спортқа қызығушылығын арттыру және үздік ұжымдарды анықтау. Спорттық сайыс «Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет» ұранымен Жетісай қаласындағы «Қ.Мұңайтпасов» атындағы орталық стадионда өткізілді. Шара барысында санитарлық талаптар толық сақталды.
Жасыл алаңға шыққан аудан әкімінің орынбасары Асан Маханбетов, аудандық мәслихат хатшысы Әлихан Утанов пен Асықата кентінің әкімі Бақыт Серіковтер жастарға үлгі болар ойын көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша аудан әкімі аппараты мен аудандық мәслихат, Жетісай қаласы әкімінің аппараты қызметкерлерінен құралған команда ІІІ орынға табан тіресе, Асықата кенті мен Ынтымақ ауылдық округінің құрамасы ІІ орынды иеленді. Ал, жүлделі І орынды Атамекен және Қызылқұм ауылдық округтерінің теңбіл доп шеберлері қанжығаларына байлады.
Сонымен қатар, арқан тартыс, қол күресі сынды ойындардың да мықтылары анықталып, жеңімпаз командалар мен жекелеген ойыншылар арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button