Түркістан облысы

Түркістанның еңсесі көтерілді

5
(1)

Елбасы Тұңғыш Президентіміз 2018 жылдың 19 маусымында Түркістан облысын облыс орталығы ету жөнінде Жарлыққа қол қойған болатын.

Содан бері үш жыл өтіпті.Үш жылда Түркістан адам танымастай өзгерді.Түрленді, гүлденді, керегесі кеңейді, тұрғындардың көңіл-күйі көтерілді.

Елдің аузында Түркістан жаңарған Түркістан. Кіммен кездесе қалсаң да айтары «Түркістан күшті болып кетіпті, баяғы шаңы шығып жатқан Түркістанда европадағы Венецияға ұқсайтын «Керуен сарайы», Дубайдағыдан қалыспайтын Әуенді субұрқақ, Драматеатр, Амфитеатр «Farab кітапханасы, Неке сарайы, Қабылдау орталығы не керек осы қысқа 3 жылдың ішінде 257 нысан салыныпты» деп таңырқап жатады.


Көне қазақ тарихынан сыр шертетін «Ұлы Дала Елі» орталығы Түркістанның рухани келбетін аша түсуде. Түркістан ежелден Азия мен Европаны тоғыстырған күретамыр десек, биыл бір күнде келушілердің саны бір күннің өзінде жеті мың адамға жетті деген дерек бар.Түркістанды жүрегімен сүйген Мұстафа Шоқайлар сынды бабаларымыздың арманы орындалғаны емей немене!
Түркітілдес елдердің бейресми Саммитінде Түркістан декларациясының қабылдануы, рухани астана атануы — Түркістанды мойындау. Хандар мен билердің, батырларымыздың ойшыл, ғұлама Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленуі қазақ халқының рухын аспанға көтеруде.


Бірде Арыстанбаб кесенесіне зиярат етуге барған кезімде кіре берістен бастап кесенеге дейін Ясауи Хикметтерін мәрмар тастарға ойып жазғанын оқып, ұзақ ойға кеттім. Қожа Ахмет Ясауи ұстазы Арыстанбабтың алдында шәкірттік парызын орындауды «Диуани хикметімен» жеткізген тәрізді. Елбасы үлкен тарихи шешім қабылдады, шешім халық көңілінен шықты.Түркістан түрленді, гүлденді, жұрт жұмыла ел болып барлық өңірлер атсалысты. Ғажайып Түркістан салынды. Түркістанның еңсесі көтерілді, бабалар рухы қолдады, қысқа мерзімде індетке қарамастан толассыз құрылыстар бой көтерді. Елбасы бастаған эстафетаны облыс басшысы мінезі батыл,қимылы шапшаң, қиыннан қиысын тауып жол аша білетін Өмірзақ Естайұлы Шөкеев жалғастырды. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев
Елбасы үлкен тарихи шешім қабылдады, шешім халық көңілінен шықты.Түркістан түрленді, гүлденді, жұрт жұмыла ел болып барлық өңірлер атсалысты. Ғажайып Түркістан салынды.Түркістанның еңсесі көтерілді, бабалар рухы қолдады, қысқа мерзімде індетке қарамастан толассыз құрылыстар бой көтерді. Елбасы бастаған эстафетаны облыс басшысы мінезі батыл, шешімі шапшаң, қиыннан қиысын тауып жол аша білетін Өмірзақ Естайұлы Шөкеев қолға алды. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев және Үкіметіміз қолдады. Жоғарыда айтылған тарихи нысандардың бәрі Өмірзақ Естайұлының басшылығымен салынды. Резеңке етік киіп жүріп құрылыстың барысын бақылады. Осылайша Түркістанды танымал ету дәуірі басталды. Түркістанның тарихи мәртебесін көтерудің баспалдақтары салынды. Ежелгі Түркістанды елестететін бой көтерген рухани, мәдени нысандар ұрпақ санасының сілкінуіне әсер ететіні сөзсіз.


Елбасының «Рухани жаңғыруының» нағыз көрінісін түрленген Түркістаннан көруге болады. Өмірзақ Естайұлы үшін Түркістан іскерліктің биік дәрежесін танытқан алаң болды. Осы үш жыл ішінде Арыстағы апатпен арпалысып, Мақтаралдағы төтенше жағдайға төтеп беріп, елдің басын біріктіріп, ауызбіршілікпен ауыр сынақтардан елді алып шықты. Өмірзақ Естайұлы үшін Түркістан Қожа Ахмет Ясауи хикметіндегі айтылатын нағыз мектеп болды. Киелі Түркістанда қылуетте дүниеге келген Ясауи хикметіндегі дара ойлар барша жұртқа мәңгілік тәрбие болатыны айдан анық. Бабалар рухы көтерген қасиетті Түркістан Қазақстанды әлемге танымал ететініне күмәніміз жоқ. Ясауидың «Диуани хикметінің» де маңыздылығы осында жатыр.

Қалыйма ЖАНТӨРЕЕВА
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button