Түркістан облысы

«Этносаралық қатынастардағы шиеліністерді реттеу» тақырыбындағы семинар-тренинг

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен 20-22 желтоқсан аралығында ​ «Этносаралық қатынастардағы шиеліністерді реттеу» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Семинар ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің пилоттық жобасы негізінде еліміздің барлық облыстарында өткізілді.

Семинар жұмысына «Қоғамдық келісім» КММ-нің аудандық, қалалық филиалдарының басшылары, Түркістан облыстық КХА жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктер жетекшілері, этнос өкілдері тығыз шоғырланған ауыл округтері әкімдерінің орынбасарлары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, учаскелік полиция инспекторлары қатысты.

Семинарда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясының профессоры, ҚР Терроризмге қарсы орталықтың эксперт-психологы Жұмағұлов Саламат Тәңірбергенұлы, Алматы қаласындағы «Парасат» медиация және құқық орталығының» сарапшысы, кәсіби​ медиатор Адаев Мұхтар Мұханұлы «Этносаралық шиеленістерді талдау әдістері мен тәсілдері», «Этносаралық шиеленістерді реттеу кезіндегі келіссөздер», «Келіссөздер жүргізу стратегиялары мен тактикасы», «Келіссөздердің негізгі кезеңдері», «Медиативті әңгімелесу құралдары мен әдістері», «Медиация рәсіміндегі сұрақтар техникасы», «Медиативтік кездесу қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды дайындау кезеңі» сынды өзекті тақырыптар аясында дәрістер өткізді.​

Семинар-тренинг қатысушылары пікірталас-талқылау, бейне материалды талдау, топтық және жеке жұмыс, бірлескен талқылау, жұптық талқылау форматтары арқылы тәжірбие арттыруға мүмкіндік алды.​

Семинар жұмысын Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева қорытындылап, қатысушыларға сертификаттар табыстап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ – нің Баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.