Түркістан облысы

Түркістанда патриоттық әндер байқауы өтті

Түркістанда Республика және Қала күні мерекелеріне орай жалпы орта білім беретін мектептердің оқушылары арасында қалалық ән байқауы өтті. «Түркістан – жүрегімнің төріндесің» тақырыбындағы сайысқа  2-11 сынып аралығындағы 20 оқушы қатысып, өз өнерлерін ортаға салды, деп newsroom.kz хабарлайды.

Балалардың терең білім алуымен қатар, өнерге бейімдеу, бойларындағы талантты танып, ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған байқауда оқушылар «Түркістан», «Отан», «Туған жер» жайлы патриоттық әндер орындады. Байқау нәтижесінде М.Мәметова атындағы №6 жалпы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Дінмұхаммед Алпыс бас жүлдеге ие болып, байқау жеңімпазы атанды.

Барлық қатысушылар Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің диплом және мақтау қағаздарына ие болды. Қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Акбар Исхаков пен қазылар алқасының төрағасы Емен Сәметов байқауды қорытындылып, жүлдегерлерге марапаттарын тапсырды.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.