Түркістан облысы

Түркістан: Қазығұртта Республика күніне орай мектеп пен медициналық орталық ашылды

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында Республика күні қарсаңында Орал Нарбаев атындағы 150 орындық бастауыш мектебі мен «Ай-Фарма» медициналық орталығы пайдалануға берілді, деп newsroom.kz хабарлайды.

Әлеуметтік маңыздағы ғимараттардың салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімі Арман Абдуллаев құттықтау сөз сөйлеп, лентасын қиды. Екі нысан да кәсіпкерлердің жеке инвестициясы арқылы бой көтерген.

Мерейлі мерекеге орай аудан орталығында білім ордалары мен мәдениет қызметкерлері тарапынан арнайы көрмелер қойылып, спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Ел игілігі үшін жасалып жатқан игі шаралар жоғары дәрежеде өткізілді.

Арман Айдарұлы барша қазығұрттықтарды Республика күнімен құттықтап, ел дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды алғыс хатпен марапаттады. Аудандық іс-шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.