Түркістан облысы

«AMANAT»: Мәжіліс депутаттарының Түркістан облысындағы сапары жалғасуда

ҚР Парламенті Мәжіліс депутаттарының Түркістан облысындағы жұмыс сапары жалғасуда. «AMANAT» партиясы Фракциясының мүшелері Дархан Мыңбай, Құдайберген Ержан және Қайнар Абасов жергілікті тұрғындармен кездесіп, мәселелерін тыңдауда, деп newsroom.kz хабарлайды.

Шардара ауданында түрлі сала өкілдері және тұрғындармен кездесу өткізген Д.Мыңбай және Қ.Ержан, сондай-ақ І.Бұларов алдымен мақта өндіруші «Бенс» шаруа қожалығының жұмысымен танысып, қызметкерлерімен тілдесті. Сапар барысында «Қасиет» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып, аудан ардагерлерінің мәселелеріне құлақ түрді. Жиында аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қ.Ілесов зейнетақы, қоғамдық ұйымдар, ауған соғысы ардагерлері мен ҚР «Еңбек ардагері» төсбелгісі мәселелерін қозғады. Депутаттар аталған мәселелерге тоқталып, шешу жолдарын талқылады. Үкіметке ұсыныс ретінде жеткізетінін атап өтті. Халық қалаулылары жергілікті жастармен де кездесіп, Шардара ауданындағы іссапарын түйіндеді. Кездесу барысында өңір жастарының спортқа деген құлшынысына тәнті болған мәжілісмендер жас жеткіншектерге әр уақыт қолдау көрсетілетінін айтты.

Сондай-ақ Отырар өңіріне жұмыс сапарымен барған Қ.Абасов Балтакөл елді мекеніндегі «Әсілбек» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Мұнда шаруа қожалық иесі А.Өсеров 2 гектар жерге тамшылатып суару технологиясын тиімді пайдаланып, қияр егу кәсібімен айналысады. Бақша өнімдерін көруге депутатпен бірге аудан әкімінің орынбасары Е.Оралбай, партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы А.Құрман, аудандық мәслихат хатшысы М.Манапов да барды. Үй іргелік жерде шоғырланған шаруа қожалықта жергілікті 2 тұрғын жұмыспен қамтылған.

Мұнан соң олар аталған елді мекендегі «Батырбек» тары өнідіру цехына барды. 2016 жылы өз жұмысын бастаған цех жылына 2,5 тонна тары өндіруде. Цех иесі, кәсіпкер С.Батырбеков жергілікті 2 тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Қос нысанның жұмыс барысымен танысқан Қ.Бегалыұлы кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдауларды тиімді пайдалану қажеттігін және мәселелері болса жазбаша негізде жолдауларын айтты. Одан соң Маяқұм ауылының Ардагерлер саябағында жергілікті тұрғындармен кездесу өтті. Онда азаматтар зейнет жасын қысқарту, аурухана тапшылығы, жол сапасына қатысты мәселелерді назарға алуын сұрады. Маяқұмдық ақсақал И.Алдияров:

– Ауыл тұрғындары үшін жұмыс көзі аз екені рас. Қазір көбі қоғамдық жұмыс істеуде. Дегенмен, жалақысы аздау. Осы мәселені өзіңіз көтерсеңіз. Сондай-ақ біздің елді мекенде жол мәселесі де өте өзекті,-деді.

Қ.Абасұлы аталған мәселелерді Мәжіліс жиындарында көтеріп, депутаттық сауал ретінде жауапты орындарға жолдайтынын жеткізді. Фракция мүшесі Отырардағы сапарын жастармен кездесумен қорытындылады. Тың идеяларымен бөліскен белсенді жастардың жобаларын бірлесіп жүзеге асыруға уәделесті.

Фото: «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.