Қоғам

Түркістан: Сарыағашта 500-ге жуық тұрғынға жер учаскелері берілмек

Фото: matritca.kz

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту кезек күттірмейтін мәселелердің біріне айналып отыр, себебі тұрғындардың жеке тұрғын үйлерін салу үшін жер учаскесін бөлу жөніндегі сұраныстары жылдан-жылға өсіп келеді деп жазады newsroom.kz.

Сонымен қатар тұрғын үй салу үшін жер учаскесі бөлінгенімен Заң талаптарына сәйкес, инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген жер учаскелері табысталмайды. Осы мәселелерді шешу мақсатында Жылға ауылдық округінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуда бірқатар жұмыстар атқарылды.

Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Н.Талипов Жылға ауылдық округі, Жылға елді мекеніне арнайы барып, тұрғын үй салу үшін берілетін жер учаскесі аумағындағы инфрақұрылым жұмыстарының барысымен танысып қайтты.

Аталған елді мекен аумағында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 42 гектар жердің құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, 16 шақырымына 373 дана бағана, төрт дана трансформатор, ұзындығы 6145 метр көшеге шағал төсеу жұмыстары жүргізілген. Алдағы уақытта ауылдық округте жер кезегінде тұрған 454 азаматқа тұрғын үй құрылысы үшін 10 сотық жер телімдері беріледі деп жоспарланып отыр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.