Түркістан облысы

Түркістан облысында аңшылық маусымы басталды

Түркістан облысында күзгі аңшылық маусымы ашылды. Дегенмен биыл қойылатын талап қатал. Арнайы мобилді жедел топ құрылып, аңшылық барысын бақылайтын болады. Яғни, атылған әрбір аң құстың есебі қатаң белгіленеді.

Қоңыр күздің басталуына санаулы уақыттар қалғанда аң құсты аулауды аңшылар қауымы тағатсыздана күтуде. Міне бүгінгі күннен бастап кептер мен бөдене секілді құстарды аулауға рұқсат беріліп отыр. Ал әуесқой аң аулау тек бекітілген аңшылық алқаптарында ғана рұқсат етіледі. Сондай-ақ, арнайы  жолдама да қажет. Сонымен қатар қару-жараққа тиесілі құжаттардың дұрыс болуы міндетті, дейді  қауымдастық басшысы.

Абай Бердібеков–Түркістан облыстық аңшылар мен балықшылар қауымдастығының аға аңтанушысы  және өңірлік «Қансонар» қауымдастығының  директоры

Күздің бірінші сенбісінен суда жүзетін құстарды аулауға кезең-кезеңімен рұқсат беріледі. Үйрек, қаз сондай-ақ кекілік секілді құстарды аулау енді қатаң түрде есеппен  жүргізіледі. Облыстық аңшылар және  балықшылар қоғамдастығының жедел тобының  аңшылар тарапынан аң құс аулаудағы қатаң талаптардың сақталуын бақылауда ұстайтынын айтты.

Жарас Ахметов – Түркістан облысы аңшылар мен балықшылар қауымдастығы жедел тобының басшысы

Айта кетейік егер жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аң аулау қағидалары бұзылған жағдайда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382-бабына сәйкес жеке тұлғаларға 70 АЕК мөлшерінде айыппұл салу не әкімшілік құқық бұзушылық құралдары тәркіленіп, екі жылға дейінгі мерзімге аң аулау құқығынан айыру түріндегі ең жоғарғы жаза көзделген.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.