Түркістан облысы

Президенттік жастар кадр резервінің екінші кезеңі басталады

0
(0)

Түркістан облысында Президенттік жастар кадр резервінің екінші кезеңі басталады, деп хабарлайды newsroom.kz.тілшісі.

2021 жылдың 1 қыркүйегінде Президенттік жастар кадр резервінің екінші кезеңі басталады. Құжаттарды қабылдау арнайы әзірленген www.pkrezerv.gov.kz цифрлық платформада онлайн режимде жүргізіледі. Бұл жөніндегі Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Айбек Шілманов мәлімдеді.

Президенттік жастар кадр резервінің мақсаты – қоғамдық мүдделерді басшылыққа алатын жас таланттарды анықтау. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұйымдастырылып отыр. Президенттік жастар кадр резервінің қатарына кіру үшін үміткерлер іріктеуден өтеді. Іріктеудің қорытындысымен резервке 50 азамат алынады.

«Белгіленген талаптарға сәйкес іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, сондай-ақ мемлекеттік тілді орташа деңгейден төмен емес деңгейде білетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Резервте болу мерзімі 3 жылды құрайды. Резервшіні бос мемлекеттік лауазымға тағайындау құзыреттер жиынтығы ескеріле отырып және Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның ұсынымы бойынша конкурстан тыс тәртіппен жүзеге асырылатын болады», – деді Айбек Ақбергенұлы.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиал директоры Айнұр Ыдырысованың айтуынша, 2019 жылы іріктеудің алғашқы кезеңінде Түркістан облысынан 19 азамат Президенттік жастар кадр резервіне алынған. Резервшілер тізіміне жеке сектордың 106 өкілі, квазимемлекеттік сектордың 98 қызметкері және 96 мемлекеттік қызметші кірген.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button