Түркістан облысы

Түркістандық спортшы әлем чемпионы атанды

0
(0)

Түркістандық спортшы Нилуфар Раимова әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды newsroom.kz.порталы.

Күрес түрлерінен Уфада өтіп жатқан 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржынына алтын жүлде түсті.

Әйелдер күресінде 57 келіге дейінгі салмақта Ел намысын қорғаған түркістандық Нилуфар Раимова әлем чемпионы атанды. Ол финалда италиялық Аврора Руссмен кездесіп, 8:6 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетелік, кездесу барысында Нилуфар жеңіліп жатқан болатын. Алайда, жеңіске деген жігерінің арқасында әлемдік сынның чемпионы атанып отыр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button