Қылмыс/ОқиғаТүркістан облысы

Мас жүргізушінің ізімен жүрген полиция көлігі жол апатына ұшырады

5
(1)

Түркістан қаласында мас жүргізушінің ізімен жүрген полиция көлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Polisia.kz.-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері облыс орталығының көшелерін патрульдеу кезінде жүргізушісі күдік туғызған “Мерседеске” назар аударады. Жеңіл көліктің жүргізушісі жылдамдық қосып, полицейлердің тоқта деген заңды талаптарына бағынбай, жасырынуға тырысты. Алайда патрульдік көлік оның ізіне түсіп, “УАЗ-452” автокөлігімен соқтығысты.

ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өз кезегінде “Мерседес” жүргізушісін полиция дер кезінде ұстап, куәландырды. Сараптама қорытындысы бойынша жергілікті тұрғын, яғни ер азамат орта дәрежелі мас күйінде көлік басқарғаны анықталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің сегіз бабы бойынша КҚ пайдалану, маневр жасау ережелерін, бағдаршамның тыйым салатын түсін елемей жол жүргені, жаяу жүргіншілердің жүруіне жол бермегені, КҚ жүргізушілерінің сыртқы жарық түсіру аспаптарын бұзғаны, апаттық жағдай туғызғаны, ішкі істер органдары қызметкерлерінің талаптарын орындамағаны және көлікті мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік хаттамалар түзілді. Жиналған материалдарды полиция сотқа жібереді.

«Мерседес” жүргізушісі 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button