Түркістан облысы

Әділетті Қазақстанды құру – тарихи жауапкершілік

Бүгін, мінеки, ҚР Орталық сайлау комиссиясы отырысында кезектен тыс президент сайлауының түпкілікті қорытындысы жарияланды. Осы ретте, 2022 жылғы 20 қарашадағы кезектен тыс сайлауда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ҚР Президенті болып сайланғаны белгілі болды. Президентке ел тұрғындарының 81,31%-ы дауыс берген.

Сайлау күні жұбайым Рәш Сейдуллақызы екеуміз Ленгір қаласындағы №5 орта мектептегі сайлау учаскесінде дауыс бердік. Өз таңдауымызды жасап, Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс бердік.

Сайлау әділ әрі лайықты өтті деп толық сеніммен айта аламын. Барлық сайлаушыларға өз кандидаттарына дауыс беру құқығы берілді және барлығы орындады.

Мен қазіргі Президенттің сайлауалды бағдарламасын жақтаймын. Ол іргелі де маңызды міндеттер қойды, яғни бұл – Әділетті Қазақстанды құру. Бұл ретте, өткен кемшіліктерден сабақ ала отырып, оны түзетіп, қордаланған мәселелерді шешу маңызды. Табыстың әділ бөлінуін қамтамасыз ету де өзекті. Ал бұл үшін бүкіл қоғамның жұмылдырылуы, барлығының қатысуы қажет. Мемлекет басшысының бастамасымен өмірімізде түбегейлі өзгерістерге қол жеткізу үшін әрекет те, бақылау да қажет.

Байділда ЖЫЛҚЫШИЕВ,
Түркістан облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.