Түркістан облысы

Халық сенімі қашанда қасиетті

Күні кеше еліміз үшін тарихи оқиға – Президент сайлауы өтті. Саяси науқанға халық қызу дайындықпен қатысты. Отандастарымыз өздерінің азаматтық белсенділіктерін көрсетіп, таңмен таласа дауыс беруге асықты. Сайлау өз мәресіне жетіп, нәтижесі көптің көңілінен шығып жатыр.

Сайлаушылардың 80 пайыздан астамы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс бергені анықталды. Азаматтардың басым бөлігі Президенттің мемлекеттік жүйені реформалау саясатын, тиімді басқару үлгісін, экономиканы монополиясыздандыруды және әділ әлеуметтік саясатты қолдады. Халқымыз Мемлекет басшысына зор сенім артып отыр.

Сәтті өткен сайлау нәтижесі арқылы елдің саяси белсенділігі артып, қоғамда тың серпілістер сезілетіні анық. Себебі біз халық болып, өзіміз қалаған басшыны сайлап алдық. Елдің тұтастығы мен бірлігін сақтап, алдымызда қуатты Қазақстанның жарқын болашағы күтіп тұр. Сайлауға белсенділік танытқан әр азамат өз Отанын, тәуелсіз Қазақстанын мақтаныш тұтатыны анық.

Әлия БЕКМҰРАТОВА,
Ақбұлақ ауылдық Аналар кеңесінің төрайымы

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.