Түркістан облысы

Түркістандық рухтастардың насихат жұмыстары қарқынды

Орталық сайлау комиссиясының жоспарына сәйкес, 21 қазан күні сағат 18.00-ден бастап елімізде кезектен тыс прездент сайлауының үгіт-насихат жұмыстары басталды. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, осы орайда бүгін Қ.А.Ясауи кесенесінің маңында, әкімшілік-іскерлік орталықта, «Есім хан» алаңы мен «Жаңа қала» шағынауданында үгіт-насихат құралдары таратылатын болады. Сонымен қатар, өңірдегі аудандарға да үгіт құралдары жөнелтілді, деп newsroom.kz хабарлайды.

– Өңір белсенділері осыған дейінгі саяси науқандарға мол үлес қосып келді. Биылғы президент сайлауының үгіт-насихат жұмыстарына да ерекше ынтамен кірісіп кетті. Яғни облыстың әр аймағынан жасақталған 600-ден астам белсенді азамат Жаңа, әділетті Қазақстанды құруға атсалысып жатыр деуге болады. Себебі, мемлекетіміздің дамуына жастар саясатының да қосар үлесі мол, – дейді «Jastar ruhy» ЖҚ Түркістан облысы бойынша филалының төрағасы Жансерік ЖҰМАН.

Айта кетейік, бұл жұмыстарды сайлауалды үгіт-насихат науқанын ерекше қарқынмен бастаған “Jastar ruhy-ның” түркістандық 600-ден астам белсендісі атқарып жатыр. Барлық еріктілер қажетті жабдықтармен және арнайы формамен қамтылған.


Фото: «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

#Toqaev2022

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.