Түркістан облысы

Түркістан: Сарыағашта 390 орындық жекеменшік мектеп бой көтерді

Түркістан облысында жекеменшік мектептердің де саны артып келеді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, солардың бірі – Сарыағаш ауданы, Жемісті ауылдық округіндегі заманауи үлгіде бой көтерген Күмісай Тасболатова атындағы жекеменшік зияткерлік мектебі, деп newsroom.kz хабарлайды.

Аудан әкімі М.Отаршиев білім ұясының жай-күйімен танысты. 390 орындық жаңа мектепте қазақ – орыс сыныптарына 1-9 сынып оқушылары қабылданады. Мектепте математика және ағылшын тілі пәндері тереңдетіліп оқытылып, тілді дамыту үшін практикалық сабақтарды өтуге шетел азаматтары тартылатын болады.

– Ауданымызда жыл санап жекеменшік зияткерлік мектептер саны артуда. Бүгінгі таңда ауданда 2 негізгі орта және 8 бастауыш жекеменшік мектептері жұмыс атқарып жатыр. Бұл – өз кезегінде мектептердегі білім сапасының артуының кепілі, – деді жаңа білім ұясында болған аудан басшысы.

Мектепте логикалық ойлау қабілетін арттыратын пәндік, түрлі спорттық (шахмат, теннис, таэквондо, күрес) және өнер (домбыра, би, вокал) үйірмелері жұмыс істейді. Сонымен қатар мектепте білім алушылар екі мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі және оқушылардың күні бойы мектепте сабақ оқуына, үй тапсырмаларын орындауына және үйірмелерге қатысуына жағдай жасалған.

Айта кетейік, облыста жалпы білім беретін 1007 мектеп, 22 кәсіптік-техникалық мектеп, 36 колледж, 115 мектепке дейінгі мекеме бар (2004). М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы, М.Сапарбаев атынд. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты, Қожа Ахмет Иасауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетті және бірнеше мемлекеттік емес жоғарұы оқу орындары студенттерге білім беруде. Облыста 931 мемлекеттік медицина ұйым, оның ішінде 542 фельдштік-акушерлік пункт, 131 отбасылық дәрігерлік амбулатория, 60 ауылдық телімдік аурухана, 12 орталық аудандық және 5 аудандық аурухана, санспединстанция-эпидемиологиялық станция жұмыс істейді. Қарт адамдарға арнап “Ардагерлер үйі”, балаларға “Тау самалы” оқыту-сауықтыру орталық ашылған. Облыс аумағында елімізге белгілі Сарыағаш минералды суына негізделіп ашылған “Сарыағаш” шипажайы, “Арман” санаторийі, “Манкент” санаторий-профилакторийі, т.б. “Шымған”, “Денсаулық”, “Мейірім” сауықтыру орталықтары бар. 365 кітапхана, 9 музей, 6 кинотеатр, 6 театр (3 драма, 2 сазды, 1 қуыршақ), хайуанаттар саябағы, 366 мәдени-демалыс, 2865 спорт-сауықтыру мекемесі жұмыс істейді. Облыстық “Оңтүстік Қазақстан”, “Южный Казахстан”, “Жанубий Қозоғистон” газеттері қазақ, орыс, өзбек тілдерінде шығады. Облыс аумағында Ұлы Жібек жолы өткен көне қалалар (Исфиджаб, Иасы, Сауран, Отырар, т.б.) мен қорғандар болған. 802 тарихи және мәдени ескерткіш, оның ішінде 582 археологиялық, 42 тарихи, 11 монументтік өнер ескерткіштері; дүние жүзіне белгілі қасиетті Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Түркістан қаласында орналасқан. Бәйдібек ата кесенесі, Домалақ ана кесенесі, Қарабатыр кесенесі (Бәйдібек ауданы), Арыстан баб кесенесі (Отырар ауданы), Баб ата күмбезі, Қарабура әулие кесенесі (Созақ ауданы), Қарашаш ана күмбезі, Ибраһим ата күмбезі, Қажымұқан Мұңайтпасұлының кесенесі мен мұражайы (Ордабасы ауданы) бар.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.