Түркістан облысы

«AMANAT»: Түлкібастықтар “Ауыл аманаты” жобасымен танысты

«AMANAT» партиясы Үкіметпен бірлесіп 2023 жылы “Ауыл аманаты” жобасын іске қосады, деп newsroom.kz хабарлайды.

Жоба аясында тек ауыл тұрғындары жеңілдетілген жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайыздық несиеге қол жеткізеді. Ауыл шаруашылығы саласына 7 жыл, ал өзге де кәсіп түрлеріне 5 жылға 7,6 млн.теңге көлемінде несие беріледі. Кепілге жылжымайтын мүлік қабылданады. Елді мекендерде жыл соңына дейін скрининг, яғни талдау жүргізіліп, халықтың ұсыныстары топтастырылады.

Осы және өзге де ақпараттармен бөлісу үшін жобаның арнайы жұмысшы тобы Түлкібас ауданының Азаттық және Т.Рысқұлов ауылдарында болды. Жергілікті тұрғындармен кездесулер барысында жан-жақты түсіндірме жүргізіп, пікірлеріне құлақ асты. Кәсіпті дамытуға байланысты кеңестерімен де бөлісті. Ауыл қариялары мұндай жаңалықты қуана қабылдады. Солардың бірі Азаттық ауылының тұрғыны, ақсақал Р.Расұлов.

– Ауданға келген топ мүшелері несие алудың жолдарын жақсылап түсіндіріп берді. Ауылымыздың азаматтарының қызығушылығы оянды. Бұл жоба болашақта халықтың жағдайын жақсартуға көмегі тиеді деп ойлаймын, – деді ол.

Сондай-ақ, Т.Рысқұлов ауылының тұрғындары да аталған бағдарламаның тиімділігі жоғары деген пікірлерін жеткізді.

– Еліміздің локомотиві – ауыл шаруашылығы саласы. Сондықтан осы салаға 7 жылға, жеңіл өнеркәсіпке 5 жылға 1,5 жылдық демалыспен 2,5 пайыздық несие беру бұрын-соңды болмаған. Осы жоба біздің ауданда да іске асса, жақсы жетістіктерге қол жеткіземіз, – дейді Н.Досымбек.

Фото: «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.