Түркістан облысы

Түркістаннан 30 адам Павлодарға жолға шықты

5
(1)

Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды алдын ала көріп, ол жақтағы тіршілікпен танысу. Бұл игі бастаманы «Nur Otan» партиясының Түркістан облысындағы филиалдары және жергілікті жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастырып отыр. Жеке кәсіпкер, қоғам белсендісі Жаңабай Ағабеков өз қаражаты есебінен автобус шығарып, тұрғындардың барып-қайтуына демеушілік жасады, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алдымен көшуге ниетті тұрғындар Сарыағаш ауданында жиналды. Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Полатов пен «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Құдірет Қыстаубаев жолаушыларға сәт-сапар тіледі.
Осындай салтанатты іс-шара Сайрам ауданында да ұйымдастырылды. Сайрам аудандық мәслихатының хатшысы Шамхат Халмұрадов пен «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмас Әбдіқадіров «Еңбек» бағдарламасының маңыздылығына тоқталып, мағлұмат берді. Кәсіпкер Жаңабай Ағабеков солтүстік өңірлерге көшкен тұрғындарға мемлекеттік қолдау көрсетілетінін, ең бастысы, жұмыс істеуге ниетті азаматтар жұмыспен қамтылатынын, баспаналы болуға да мүмкіндік мол екенін жеткізді.


Жалпы бүгін Түркістан облысынан 30 тұрғын жолға шықты. Нақтырақ айтсақ, Жетісай ауданынан – 2, Келес ауданынан – 3, Сайрам ауданынан – 8, Арыс қаласынан – 2, Ордабасы ауданынан – 6, Сарыағаш ауданынан – 6, Мақтаарал ауданынан – 1 және Қазығұрт ауданынан 2 азамат Павлодарға аттанды. Олардың жол ақысы және жатын орны тегін. Азаматтар ауылдарды аралап, жағдаймыен танысады. Егер ұнаса, көшеді.
2021 жылдың басынан бері «Еңбек» бағдарламасы бойынша Түркістан облысынан 412 отбасы, 1792 адам қоныс аударған. «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаевтың айтуынша, көші-қон бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасады. Барлық аудан, қалада «Еңбек» бағдарламасын насихаттау, түсіндіру бойынша «Ашық есік күндері» ұйымдастырылған.

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button