Түркістан облысы

Түркістанда студенттерге арналған 1000 орындық жатақхана салу жобасы талқыланды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бірқатар нысандар бойынша мердігерлер мен инвесторларды қабылдады, деп Newsroom.kz хабарлайды.

Кездесуде «BI Group» холдингінің Оңтүстік өңірі бойынша дивизионының кураторы Айдын Маиусов, «BI Group» холдингінің, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бөлімінің басшысы Нариман Касабулатовтың, жоба менеджері Игілік Махмутовтың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

«BI Group» холдингінің өкілдері облыс әкіміне колледждің студенттеріне арналған 1000 орындық жатақхананың жобасын таныстырды.

Инвестор жатақхананы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салуды ұсынып отыр. Жатақханада асхана, жаттығу залы, демалыс бөлмесі және жатын бөлмелері болады. Замануаи құрал-жабдықтармен қамтылады. Студенттердің жан-жақты дамуына толық жағдай жасалады. Аталған жоба да толық зерделеніп, алдағы уақытта тиісті шешім қабылданады.

Кездесуде ескек есу каналы құрылысының қорытынды кезеңдерін жүзеге асыру жолдары, Түркістандағы «Түркістан Арена» стадионының жасыл алаңына жаңа талаптарға сай жылыту жүйесін жүргізу мәселесі сараланды.

Айта кетейік, Түркістан облысындағы 66 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында 48947 студент білім алуда (оның ішінде мемлекеттік тапсырыс аясында 31518). 2019 жылы күндізгі бөлімде оқыған колледж бітірушілерінің жұмысқа орналасқандарының жалпы үлесі 66,4%, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша оқығандардың бірінші жылы жұмысқа орналасқаны 73,3% құрайды. Білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде 8 сала бойынша құрылған жұмыс тобының ұсынысына сәйкес және Конкурстық комиссияның шешімі бойынша облыс әкімдігінің қаулысымен 2019-2020 оқу жылында 51  білім беру ұйымына 7494 орын көлемінде білім беру тапсырысы бөлінді. 2020-2021 оқу жылына облыс әкімдігінің қаулысымен 7291 орын көлемінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінген. Халықты «Баршаға арналған тегін кәсіптік техникалық білім» жобасына қатысуға көптеп тарту мақсатында 16 аудан, қалада жалпы саны 712 адамнан тұратын 74 мобильдік  топ құрылып, атқарылған жұмыстар нәтижесімен 2019-2020 оқу жылында облыс бойынша бағдарлама шеңберінде 3704 азамат қабылданып, қазіргі таңда 7770 азамат білім алуда. 2019-2020 оқу жылында дуальды оқыту 36 колледжде 4333 студентті қамти отырып, 43 мамандық бойынша жүргізілуде. Кадрлар даярлау ісінде тараптардың жауапкершілігін қамтамасыз етуге, практиканы күшейту, жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес оқытудың мазмұны жаңартуға қатысты өзгерістер енгізіліп, дуальды оқыту аясында практика 80% -ға дейін өсті. Жазғы демалыс кезінде құрылыс мамандарын даярлайтын 12 колледж студенті және 2 колледжден ерікті жастар облыс аумағындағы құрылыс объектілерінде жұмыс істеу үшін жалпы саны 511 студентті құрайтын құрылыс отрядтары жұмыс жасады.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.