Түркістан облысы

Даму жолын айқындайтын маңызды белес

Қазақстан Республикасы Президентін сайлау алдағы жылдардағы еліміздің даму жолын айқындайтын маңызды белес болғандықтан, арыстық сайлаушылар оған бейжай қараған жоқ. Учаскелер ашылғаннан бастап халық белсенділігі байқалды.Үлкен де, кіші де өз таңдауын жасауға асықты. Әсіресе, аға буын таңнан тұрып, дауыс беру дәстүрінен айнымаған.
Қарттарымыздың белсенділігінен орта буын да, өскелең ұрпақ та үлгі алуға тұрарлық деп ойлаймын.Бүгінгі күннің аса маңызды екенін ұғынған сырбойылық сайлаушылар өте жақсы көрсеткіш көрсетті.
Жер-жерден келіп жатқан хабарларға қарағанда, сайлау учаскелеріндегі көңіл-күй көтеріңкі, өйткені халық ертеңін бүгінгі күнмен байланыстырады.
Өз даусының маңызды екеніне сенеді. Сондықтан сайлауға бір қолдың саласындай бірлікте қатысты. Бұл Арыс елі жұртшылығының елдік істерде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара алатынын көрсетті.
20 қарашадағы Қазақстан Республикасы Президентін сайлаудың саяси маңызы туралы оған дейін айтылды. Кандидаттардың бағдарламасымен халық жіті танысты. Шешуші күні халықтың учаскелерге келіп дауыс беруі — сайлаудың басты көрсеткіші.
Бұл— жұртшылықтың ертеңге деген сенімінің, тарихи таңдау жасауға деген жауапкершілігінің көрсеткіші.
Оразхан Арыстанбаев
Арыс қаласының құрметті азаматы
зейнеткер

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.