Түркістан облысы

Қыдырып келген қырғыз бауырлар сәттілік тіледі

Бүгінгі күн қазақ тарихында ерекше орын алатындай жаңа, әділетті Қазақстанды құратын сайлау болсын!

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ орналасқан №133 сайлау учаскесіне үкілі үміт пен үлкен сенімді арқалап келіп, дауыс бердім.

Айтқандай, сайлаудың түрлі жолын және саяси төңкерістерді бастан өткерген қырғыз ағайындарда бүгінгі өтіп жатқан сайлауға сәттілік айтып, Қазақстанның гүлденуіне тілек білдірді.

Бүгінгі болған қызық оқиғаны тарқатып айтып берейін.
Кеше түнделетіп ауылдағы Анаммен амандасып және батасын алайын деп қарашаңыраққа барып қонған болатынмын.
Таңертең ерте қалаға келіп, Алладан еліміздің өсіп-өркендеуін, ағайынның, әулетімнің амандығын тілеп, Қожа Ахмет Ясауи бабамыз және өзгеде тұлғалар жатқан қасиетті кесенеге зияраттадым.
Кесененің алдында келе жатқан бір топ адамдардың біреуінен фотоға түсіруді сұрап едім, сөйтсем олар Қырғызстаннан арнайы зиярат етуге келіп жатқан қонақтар екен. Көрініп тұр, жай адамдар емес.
«Қазақ бауырларға бүгінгі сайлауда сәттілік тілейміз, Қазақстан гүлдей берсін» деген ақсақалдан аты-жөнін сұрап едім, қырғыз елінің белгілі жазушысы Қарбалас Бакиров деген азамат екен. Кітабына қолтаңбасын жазып, тарту етті.
Қалғандары да сол елдің қайраткерлері екен.
Аз-кем шүйіркелесіп, таныстық, фотоға түстік.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.