Түркістан облысы

Сайлау әділ өтті

Мен Жетісай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Маханбет 20 қараша күні Қазақстан Республикасының белсенді азаматы ретінде ҚР Президентін сайлауға өз дауысымды беру үшін сайлау учаскесіне таңертең ертерек баруға әрекет жасадым.

Мен ерте бардым десем менен де бұрын барған патриоттарымызды көріп, қуанып қалдым. Бұл дегеніміз елдің, халықтың Отаны үшін тек тұра алмайтынының белгісі. Осы жерде өзім секілді ақсақалдарды көріп, шамалы әңгіме құрдық. Сол бір 1 сағат төңірегінде сайлауға келген қаншама жастарымызға, жексенбі күні екеніне қарамастан бар шаруаларын жинап қойып келген қыз-келіншектерімізге қарап сүйсіндім.  Көңіл-күйлері де жоғары. Бірімен бірінің ісі жоқ. Өз дауыстарын беріп шығып кетіп жатыр. Ешкімді ешкім зорлап дауыс бергізіп жатқаны байқалмайды.

Осындай елдің алдында сөз сөйлейтін, бітімгерлікке, бірлікке шақыратын ақсақалдарымыздың дұрыс бағыт таңдап, сайлаудың әділ әрі шынайы өтуіне атсалысқаны көңіл қуантты. Еліміздің заңы мен тәртібін сақтауды қолдайтын азамат ретінде менің айтарым – сайлау өз деңгейінде әділ өтті деп есептеймін.

Айтбай Маханбет

Жетісай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.