Түркістан облысы

Келес ауданындағы медицина қызметкерлері 100 пайыз сайлауға қатысты

Келес ауданының бас дәрігері Бекзат Маханбетұлы Сланов аудан орталығындағы №324 сайлау учаскесіне отбасы мүшелерімен бірге келіп, өз таңдауын білдірді.

– Конституцияға сәйкес еліміздің әр азаматының өз таңдау құқығы бар. Мен сайлауда таңдау жасау парызым деп білемін. Өйткені, болашаққа жол бастар ел басшысын сайлау, ертеңін ойлаған әрбір қазақстандықтың міндеті. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, бейбітшілігіміз мәңгілік болғай!, – деді бас дәрігер.

Айта кетейік, жалпы Келес ауданында орналасқан сайлау учаскелерінде толық медициналық бекет жұмыс жасап, шұғыл жағдайда медициналық көмек қажет болған жағдайда медицина маманымен бірге сайлау науқаны аяқталғанға дейін учаскеде болады. Аудан бойынша сайлауға қатысатын медицина қызметкері 1 394-ті құрап, жалпы 100% қатысып, өз дауыстарын елдің болашағын үшін берді.

(с) Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.