Түркістан облысы

«Мерейлі отбасы» мүшелері сайлауда

Қазығұрт ауданы орталығында орналасқан Қазығұрт ауыл округінің №279 сайлау учаскесінде 2018 жылғы аудандық және облыстық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары, республикалық «Мерейлі отбасы» байқауына қатысып «Тұңғыш Президент» қорының жүлдегерлері атанған Момыновтар отбасы мүшелері арнайы келіп, Президент сайлауына өз дауыстарын қосты. Мерейі үстем бұл отбасыны отағасы Мұқтар Момынов пен жұбайы Күлипа Малдыбековалар бастап, ұлдары мен келіндері, немерелері бірге келіп өз таңдауларын жасады. Сайлау жайлы зейнеткер Мұқтар Момынов:

– Бүгін – еліміздің саяси өміріндегі тарихи күн. Себебі, халқымыз алдағы жеті жылда мемлекетімізді басқаратын тұлғаны таңдауда. Сондықтан, бұл кәмелет жасқа толған, сайлауға қатысуға құқылы әрбір азамат үшін жауапкершілігі мол кезең деп бағалаймын. Осындай азаматтық борышымызды сезініп, толық отбасымызбен сайлауға қатысып отырмыз. Бүгінгі сайлауда нағыз ел басқаратын көшбасшы жеңіске жетеді деп сенемін, – деп өз бағасын берді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.