Түркістан облысы

Түркістандық әкім Әлем чемпионын марапаттады

Акбар Елубайұлы Украина мемлекеті Киев қаласында өткен джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды.

Созақ ауданының әкімі Әлем чемпионын қабылдады, деп хабарлайды newroom.kz. тілшісі Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов Украина мемлекеті, Киев қаласында өткен джиу джитсудан Әлем чемпионатының жеңімпазы Акбар Елубайұлынын қабылдап, марапаттады.

«Украина елінде еліміздің әнұранын шырқаттың. Сенің жеңісің біздің зор мақтанышымызды туғызады. Алдағы уақытта спортта үлкен биіктерді бағындыруыңа тілектеспін. Денің сау, отбасың аман болсын», – деп ыстық ықыласын жеткізген аудан басшысы өз атынан сыйлық жасап, алғыс хат табыс етті.

Акбар Елубайұлы – еркін күрестен ҚР үш дүркін жеңімпазы, Азияның күміс жүлдегері. Сондай-ақ, спорттың ММА, панкратион, джиу – джитсудан ҚР чемпионы, спорт шебері. «Толағай сұлтаны – 2019» байқауының бірінші орын иегері. 33 келі тартатын муляжды 2019 рет көтеріп, Қазақстан Рекордтар кітабына (КИнЭС) енді. Міне, бүгінде Украина мемлекеті Киев қаласында өткен джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.