Түркістан облысы

 Түркістаннан Ташкентке жаңа халықаралық әуе рейсі ашылды

0
(0)
Бүгін Түркістан қаласындағы Халықаралық әуежайдан «Түркістан-Ташкент» бағытында «Fly Arystan» әуе компаниясының ұшағы көкке көтерілді. Енді тұрақты рейстер әр аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері «Airbus А 320» ұшақтарында жүзеге асырылатын болады. «Түркістан-Ташкент» бағытындағы билет бағасы – 9 999 теңгеден басталады. Қазақстандық лоукостердің баспасөз қызметі атап өткендей, Өзбекстан астанасына түйісу рейстері арқылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан да баруға болады. Аталған бағытта билеттерді брондау бүгінгі күннен басталды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button