Түркістан облысы

Сайлау: Арыстық этнос өкілдері өз таңдауын жасады

Арыс қаласында тұратын түрлі этнос өкілдері ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беріп, өз таңдауын жасауда.

Атап айтсақ, «Татар-Башқұрт этно-мәдени» орталығының төрағасы Расиль Байков №10 сайлау учаскесінде өмірінде ерекше маңызға ие сайлауға үн қосып, еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығы үшін дауыс берді.

Сондай-ақ, «Иран-Әзірбайжан этно-мәдени» орталығының төрағасы Ранджбари Хусен сайлау учаскесінде болып, өз ұстанымын білдірді.

Осылайша, Арыс қаласында тұратын түрлі этностар бірлік пен татулықты танытуда.

– Сайлау – ел өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Бұл сайлауда халықтың артқан үміті биік, соған сәйкес белсенділігі өте жоғары. Жастар да ерекше атсалысуда, – дейді Расиль Байков.

Айта кетейік, Арыс қаласы бойынша 18 сайлау учаскесі болса, онда 32 652 сайлаушы бар. Тиісінше, қалаға қарасты ауылдық округтерде жалпы 16 сайлау учаскесі 11 697 сайлаушы дауыс беру құқығына ие. Осылайша, Арыс қаласы бойынша дауыс беру құқығына ие азаматтар саны 44 349 құрап отыр.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.