Түркістан облысы

Түркістан: Арыс қаласының тұрғындары өз таңдауларын жасауда

Бүгін Республика көлемінде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтуде. Осыған орай, таңғы сағат 7.00-ден бері Арыс қаласы бойынша 34 сайлау учаскесінде мемлекеттік әнұран шырқалып, ресми түрде ашылды.

Барлық сайлау учаскелері интернет, байланыс телефоны, бақылау камераларымен, қосымша электр көздерімен және арнайы басқа да құрал-жабдықтармен толық қамтылған.

Арыстықтар саяси науқанға таң атпай белсенділік танытуда. Алғаш келген сайлаушыларға арнайы кәдесыйлар да беріліп жатыр. Олардың қатарында зейнеткерлерден бастап, жұмысшылар, қала жастары және әскери қызметшілер бар.

Жалпы, Арыс қаласына қарасты 34 сайлау учаскесі бар. Арбамен жүретін адамдар кедергісіз қимылдау үшін барлық сайлау учаскесінде босағасы кең арнайы кабиналар орнатылған.

Арыс қаласы бойынша сайлаушылардың жалпы саны 44 349 адам болса, оның 2200-ден астамы мүгедектігі бар азаматтар. Барлық сайлау учаскілерінде зағип жандарға арналған аудио бюллетеньдер бар. Олар үміткерлердің тізімін қағаз бетін қолмен сипап оқи алады. Ал есту қабілетінде ақауы бар жандарға сурдоаудармашылар көмек қолын созып отыр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.