Түркістан облысы

Түркістан облысының тұрғындары белсенді түрде дауыс беріп жатыр

Түркістан облысының тұрғындары таңмен таласа келіп, сайлауда белсенді түрде дауыс беріп жатыр.

Өңірде дауыс беру сайлау заңнамасында бекітілген тәртіп бойынша сағат 7.00-де басталды. Еліміздің маңызды оқиғасынан шет қалмай, өз таңдауын жасауға келген аудан, қала тұрғындарының көңіл күйі көтеріңкі. Бүгін өңірдегі учаскелер ашылмай жатып, өз таңдауын жасауға келген түркістандықтардың қарасы қалың болды. Дауыс беру учаскелерінде алғашқы келген сайлаушыларға түрлі сыйлықтар үлестіріліп жатыр.

Мәселен, Сайрам ауданында ең белсенді дауыс берушілер таңсәріден келіп өз болашағына байланысты таңдау жасады. Солардың бірі – Қарасу ауылдық округіндегі N560 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып 100 жастағы Садық Қуатбеков ақсақал немерелерімен келіп, өз таңдауын жасады.

Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай, өз даусын беруге келген облыс тұрғындарының бірі – Жансая Торғауытова.

«Мен алғаш рет сайлауға қатысып отырмын. Еліміздің Президентін сайлау – отандастарымыз үшін маңызды іс. Бұл болашағымызға да тікелей әсер етеді. Сондықтан, таңертеңнен тұрып, белсенділігімді көрсетіп, дауыс беруге бірінші келіп отырмын» – деді жас сайлаушы.

Айта кету керек, Түркістан облысы бойынша 919 сайлау учаскесі бар. Оның 50-і облыс орталығында орналасқан. Облыста 1 миллионнан аса сайлаушы дауыс береді. Өңірде сайлаушыларға барлық жағдай жасалған.

Еске салайық, облыс аумағында сайлау күні қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетуде.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.