Түркістан облысы

Түркістан: Мақтааралда алғашқы келген сайлаушыларға сыйлықтар үлестірілді

Бүгін елімізде өтіп жатқан Президент сайлауына Мақтаарал ауданының тұрғындары да белсене қатысуда.

Ауданның сайлау учаскелерінде алғашқы келген сайлаушыларға түрлі сыйлықтар үлестірілді.

Ардагер қариялардан бастап алғаш рет дауыс беруге келген жастар, ақ жаулықты әжелер, ауыл келіндері, қарапайым ауыл шаруашылығы қызметкерлері, фермерлер, мұғалімдер, спортшылар, мәдениет қызметкерлері саяси науқанда белсенділік танытуда.

«Мен алғаш рет сайлауға қатысып отырмын. Еліміздің Президентін сайлау – отандастарымыз үшін маңызды іс. Бұл болашағымызға да тікелей әсер етеді. Сондықтан, таңертеңнен тұрып, белсенділігімді көрсетіп, дауыс беруге бірінші келіп отырмын» – деді жас сайлаушы Жансая Торғауытова.

Айта кетейік, сайлаушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында Мақтаарал ауданының барлық учаскелерінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, концерттік бағдарламалар қойылады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.