Түркістан облысы

Түркістандықтар тарапынан «Қазақстан халқына» қорына ұсыныстар берілді

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, бүгін Түркістанға «Қазақстан халқына» қорының өкілі келіп, жергілікті атқарушы орган басшыларымен, мәслихат депутаттарымен, қоғам белсенділерімен, түрлі сала өкілдерімен кездесті, деп newsroom.kz хабарлайды.

Жиынды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамнов жүргізіп отырды.

Кездесуде «Қазақстан халқына» қоры басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева қор тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жоспарлар туралы да баяндады. Оның айтуынша, «Қазақстан халқына» қоры 2022 жылғы қыркүйек айында қор қызметінің нысаналы бағыттарын айқындау мақсатында Ұлттық қайырымдылық конференциясын өткізуді жоспарлап отыр. Оған мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҮЕҰ, бизнес және БАҚ өкілдерінің қатысады. Конференцияда қордың жаңа тұжырымдамасы және қордың қайырымдылық бағдарламалары мен жобалары сарапталмақ. Қазір бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмысқа коммерциялық емес сектор өкілдері, мәслихат депутаттары, бизнес өкілдері, сарапшылар мен салалық мамандар тартылған.

«Қазақстан халқына» қорына 4-5 айда 40 мыңнан астам өтініш түсті. Түркістан облысынан 700-дей өтінім келсе, оның 300-і азық-түлікке қатысты. Біздің қордың өз тұжырымдамасы, мақсаты бар. Біз несие жаппаймыз, білім, денсаулық, спорт, мәдениет салалары бойынша көмек көрсетеміз. Бүгінгі таңда қор 10 бағыт бойынша қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асырып жатыр. Оның 8-і медициналық көмек көрсетуге бағытталған, бір жоба ауыл балаларының спорт саласындағы әлеуметтік жағдайын жақсартуға және бір бағдарламада халықтың әлеуметтік осал топтарындағы талапкерлер мен студенттер үшін білім беру гранттарын беруге көмектесуге негізделген. Алдағы уақытта бағдарламаларды тағы да жүйелеу жоспарланып отыр. Сондықтан өздеріңізбен арнайы жүздесіп, ұсыныс, өтініш, пікірлеріңізді тыңдауға арнайы келдік, — деді Ләззат Шыңғысбаева.

Кездесуде түркістандықтар денсаулық, білім, спорт салалары бойынша ұсыныстарын жеткізді. Жиын соңында «Қазақстан халқына» қоры мен Түркістан облысы әкімдігі арасында меморандуға қол қойылды.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.