Түркістан облысы

Түркістан: Учаскелік полицей жоғалған бойжеткенді тапты

Учаскелік полицей құрбыларымен бірге өзенге қыдырып кетіп, із-түзсіз жоғалған қызды тапты, деп хабарлайды newsroom.kz. тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арыс АПБ-ға Шымкент қаласының жергілікті тұрғыны, 21 жастағы қыздың анасы арызданды. Ол өз арызында қызының құрбыларымен Арыс ауданындағы өзенге демалуға шығып кетіп, сол күйі оралмағанын жазып көрсеткен. Ата-анасы өз еріктерімен бір күн бойы іздеп, нәтиже шықпағаннан соң полицияға хабарлаған.

Полицейлер іздестіру жұмыстарына жеке құрамды жұмылдырды. Сонымен қатар барлық учаскелік полицейлер мен жедел уәкілдер Арыс аумағын іздестірді.
Осылайша жан-жақты жүргізілген іздестіру жұмыстары өз нәтижесін көрсетті. Полицейлер жоғалған қызды Арыс ауданындағы ауылдардың бірінің маңында кетіп бара жатқан жерінен тауып, полиция бөліміне жеткізді.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты тексеру мен бойжеткеннен сұрау барысында, оның құрбыларымен бірге өзеннің жағасына демалуға барып, сол күні олармен сөзге келіп қалып, жалғыз өзі жолға шығып кеткенін анықтады. Осылайша жаяу жүріп, айдалада жалғыз қалған. Таң ата қайтадан жолға шыққан бойжеткен ауылдардың бірінің маңына жеткен кезде учаскелік полиция инспекторы Ғалымжан Бижановтың көзіне түскен. Жоғалған қызды белгілері бойынша алыстан таныған полицей оны қызметтік көлігімен полиция бөліміне жеткізді. Табылған қызбен полиция бөліміндегі психолог мамандары сөйлесіп, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жоғалған азаматша дін аман, өз отбасымен бірге.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.