Түркістан облысы

100 мың кітап қорына арналған кітапхана құрылысы басталды

0
(0)

Бәйдібек ауданы Шаян ауылынан 100 мың кітап қорына арналған аудандық орталық кітапхананың құрылысы басталды, деп хабарлайды newsroom.kz. 

Бәйдібек ауданы, Шаян ауылынан 100 мың кітап қорына арналған аудандық орталық кітапхананың құрылысы басталды. Екі қабатты кітапхана ғимаратының құрылысын «Құрылыс Энерго KZ» ЖШС жүргізуде. Республикалық бюджеттен қаржысы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталған аудандық орталық кітапхананың ғимараты ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңына дейін аяқталып пайдалануға беру жоспарланған. Бүгінде аудандық мәдениет үйінің ғимаратында отырған орталық кітапхана 2022 жылдан бастап жаңа ғимаратта жұмыстарын бастамақ. Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бағдатбек Жанғазиев, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Төлеби Досалиев мердігер мекеменің басшыларымен кездесіп, жаңадан құрылыс жұмыстары басталған кітапхананың жұмыс барысымен танысты. Бағдатбек Пердебайұлы мердігер мекеменің басшысына құрылысты сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button