Түркістан облысы

Түркістан облысының дәрігерлері марапатталды

0
(0)

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Түркістан облысының дәрігерлері марапатталды, деп хабарлайды  Newsroom+ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, жұмыста табыс тіледі. Жиында біліктілігі және кәсібилігімен көзге түскен дәрігерлер «Үздік хирург» номинациясына облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігерінің хирургия бойынша орынбасары Мақсұт Аймағамбетов, «Үздік терапевт» Бағила Таштаева ие болды. «Үздік акушер-гинеколог» №1 Облыстық перинаталдық орталығының акушер-гинеколог дәрігері Абдысаттар Дуйсенов болса, «Үздік педиатр» Бакыт Есиркепова мен «Үздік жалпы тәжірибе дәрігері Төлеби аудандық ауруханасының жалпы тәжірибелі дәрігері Лола Шаншарова марапатталды. Сондай-ақ, «Үздік медициналық мекеме» Түркістан Облыстық балалар ауруханасы атанды.

«Бүгінде бүкіл ел ұстамдылықты талап ететін күрделі кезеңді бастан кешуде. COVID-19 індетінің таралуы тек денсаулық сақтау жүйесінің ғана емес, елдің экономикалық және адами ресурстарының да беріктігін сынауда. Дейтұрғанымен, біз қиын кезеңдерді еңсердік», – деді облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов өз сөзінде.

Жиынға медицина саласының менеджерлері мен дәрігерлер қатысты. Аймақта бүгінде жалпы 23 429 медицина қызметкері бар. Оның 5000-нан астамы дәрігерлер, қалғандары орта буын мамандары. Ақ жейделі жандардың ерен еңбегінің арқасында өңірде қауіпті індетті жұқтырған 6 324 науқас толық жазылып шыққан. Дәрігерлердің ерлігі мемлекет тарапынан лайықты бағалануда. Былтыр ерекше еңбегімен көзге түскен медицина қызметкері Мемлекет басшысының шешімімен «Халық алғысы» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға көбейіп, дәрігерлердің орташа жалақысы 271 мың теңгеге, ал орта медициналық қызметкерлер жалақысы 162 мың теңгеге дейін өсті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button