Сайлау 2021СұхбатТүркістан облысы

Киелі Келестің Бәйтерегімен салиқалы сұхбат

5
(1)

Ия, Оңғар Исаев ағамыз құрастырған «Сен туралы өзің айтпа, өзгелер айтсын» деген қазақтың мәтелі айтылған «Киелі келестің бәйтерегі» деп атаған кітабының кейіпкері Оңтүстік өңірге белгілі аптал азамат Ахмет Мұхамеджанов абыз ақсақалдың үйінде бүгін қонақта болдым.

Сарыағаш және Келес ауданының құрметті азаматы, сексенді алқымдаған Ахмет ағамыз бүгінде Келес аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы. Ағамыз Келес аудандық партия филиалының атқарып жатқан жұмыстарын ұдайы назардан тыс қалдырмай бағасын беріп, кеміш тұстарын түзетуге кеңес беріп отыратын азамат.

Жақсымен жарты сағат әңгіме бойыңа рухани азық беретіні сөзсіз.
Ахмет аға алдымен Келес ауданының тарихын толық қамтыған баспаға басуға дайын жаңа кітаптың электрондық нұсқасымен таныстырып, екеуара азды-көпті мазмұнын талқыладық. Кітапқа Келес жерінің сонау ежелгі заманнан бергі тарихы, Кеңес дәуірінде өңірдің аудан болып құрылуы мен бүгінгі таңға дейінгі бар тыныс-тіршілігі, сондай ақ, елге еңбегі сіңген барша азаматтар жайлы деректер қамтылыпты.
Өз кезегімде дастархан басында мен «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басты бағыттары жөнінде әңгіме өрбіттім.

Партияның сайлауалды бағдарламасы былтырғы партияның аудандық филиал төрағасы А.Есбаевпен бірге ауыл округтерде тұрғындарымен кездесудегі және биылғы жылғы Праймериз барысында кандидаттардың елді мекендерде кездесулері барысында жинақталған елді мекен тұрғындарының ұсыныс-пікірлері ескеріліп жасалғанын айтып өттім.

Ағамыз сөзімді мұқият тыңдап партияның бағыты дұрыстығын, атқарылып жатқан жұмыстары халықтың көз алдында ашық жүріп жатқанын, сайлауалды бағдарламаның халық үшін тиімді, экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғанын айтып ақ батасын беріп, сайлауда сәттілік тіледі.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button