Түркістан облысы

Түркістан облысында шетелдік көліктерді заңдастыру бойынша Call-орталық іске қосылды

2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елімізге әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру науқаны 2023 жылдың 23 қаңтарынан басталады, деп newsroom.kz хабарлайды.

Осы орайда, Түркістан облысының тұрғындары сырт елден әкелінген автомобильдерді тіркеуге қатысты ақпаратты +7 7253 358 637 байланыс нөмірі арқылы біле алады. Сall-орталықтан бөлек, шетелдік көлікті заңдастыру бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарында мамандар кеңесі ұсынылады.

Заңдастыруға өтінішті «Электрондық үкімет» порталы арқылы немесе арнайы мамандандырылған ХҚО-ға беруге болады. Онда арнайы секторлар ұйымдастырылады, олар тек шетелдік автокөліктерді заңдастыруға қажетті құжаттарды қабылдайды. Азаматтар шетелдік көліктерін тіркеу үшін 4 құжатты ұсынуы қажет: 1) өтініш; 2) өтініш берушінің жеке куәлігі; 3) көлік құралының паспорты немесе көлік құралын тіркеу туралы куәлігі; 4) көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат. Өтініш пен құжаттарды тапсырғаннан кейін көлікті мамандандырылған ХҚО-ның тексеру пунктіне нөмірлік агрегаттарды салыстыру үшін кіргізеді. Тексеруден өткеннен кейін 2 күн ішінде көлікті заңдастыруға болатыны немесе болмайтыны жөнінде шешім шығарылады.

Шетелдік көліктерді тіркеу Түркістан облысы бойынша 5 мамандандырылған ХҚО-да, яғни Түркістан қаласында, Мақтаарал, Ордабасы, Сайрам және Сарыағаш аудандарында жүргізіледі.

Айта кетейік, шетелдік көлік иесі алғашқы тіркеу үшін 200 000 теңге, техпаспорт үшін – 4 313 теңге және мемлекеттік нөмір үшін – 9 660 теңге көлемінде мемлекеттік төлемдерді төлейді.

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.