Түркістан облысы

Түркістан: «Харекет» қайырымдылық қоры тағы бір баспана сыйлады

Жетісай ауданы, Атамекен ауылдық округінде орналасқан Атамекен елді мекенінде «Харекет» қайырымдылық қоры мен «Өнер қырандары» театрының демеушілігімен 806-шы баспана табыс етілді, деп newsroom.kz хабарлайды.

Көңіл қуантарлық іс-шараға Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан  Әбжанов пен ауылдық округтің әкімі Шынболат Муташов, ауыл ақсақалдары қатысып, үйлі болған Сейілбек Жүнісовты құттықтады.

«Қазақ халқы қашан да ынтымақ, бірлік мәселесіне ерекше мән беріп, оны тірліктің тұтқасы, өмірдің өзегі ретінде бағзы заманнан бағалап келген. Ауыл ақсақалдарының тәлім-тәрбиесін көріп, бірлігі мен ынтымағының мықтылығының арқасында Сейілбек ініміздің отбасы бүгінде баспаналы болды. Өнерде жүріп қайырымдылықтан қалыс қалмайтын иманжүзді азаматтардың ауызбіршілігі бір отбасыға үлкен қуаныш сыйлап отыр. Игі бастаманың бастаушысы болған «Өнер қырандары» театрының ұжымына, жүзеге асуына атсалысқан «Харекет» қорының азаматтарына үлкен алғысымды білдерімін. Мұндай игілікті шараның алдағы уақытта да жалғасын табатындығына сенімдімін», деді Әділхан Досыбайұлы.

5 перзентінің үшеуі мүмкіндігі шектеулі болса да 25 жылға жуық жалдамалы пәтерлерді паналаған отағасы жыл мезгілдеріне қарай түрлі жалдамалы жұмыстарды атқарып келген. Қыстыгүні мүмкіндігі шектеулі ұлдарының денсаулығына алаңдап, жұмысқа шықпайды екен. Ондай кездерде ауыл тұрғындары мен ағайын-туыстары отбасыға қажетті азық-түлікпен қамтамасыз еткен.

Шара соңында ізгілік істің шапағатын көріп, 4 бөлмелі өз баспанасының табалдырығын аттаған Сейілбек Жүнісов қуаныштан көзіне жас алып, көмек қолын созған барша азаматтарға өз алғысын білдірді. Ал ауыл ақсақалдары құтты баспана болсын деген тілеулестікпен ақ баталарын берісті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.