3 жасар бүлдіршін Арыс өзеніне батып кетті

 227 

Түркістан облысы Түлкібас ауданында 3 жасар бүлдіршін Арыс өзеніне батып кеткен. Шымкенттен келген сүңгуірлер кішкентай қыздың мәйітін бір тәуліктен соң тапты деп жазады NewsRoom-+ақпарат агенттігінің тілшісі vera.kz-ке сілтеме жасайды.

Оқыс оқиға Түлкібас ауданы Керейіт ауылында болған. Кішкентай қыз кәмелетке толмаған ағаларымен бірге балық аулауға барып, абайсызда Арыс өзеніне батып кеткен. Ауыл тұрғындары кешке дейін іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтиже болмаған соң, Шымкенттен құтқарушыларды шақыртқан.

«Оқиға орнына 6 құтқарушы арнайы техника мен жүзу құралымен жеткен. Сүңгуір-іздеу тобы кешкі сағат 17:34-те ауылға келіп, баланы іздеуге кіріскен. 18 мамыр күні күндізгі сағат 12:07-де бүлдіршіннің денесі болжамды оқиға орнынан 1,5 шақырым қашықтықта көпірдің астынан табылған»,-Павел Вишенин ТЖД-нің шұғыл кұтқару тобының басшысы.
Сондай-ақ оқыс оқиға орын алмау үшін құтқарушылар балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Бөлісу:


Және де: