Түркістан облысы

Түркістан облысында ауыр қылмыстар саны азайған

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, жыл басынан бері Түркістан облысында кісі өлімі, тонау және бұзақылық фактілері төмендеген, деп newsroom.kz хабарлайды.

Соның ішінде ауыр қылмыстар санатындағы ұрлықтың ашылуы өткен жылғы 69,1 пайызға дейін жақсарды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында өңірдегі криминогендік жағдай мен қоғамдық қауіпсіздік туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов баяндады. Облыста қауіпсіздік, және қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша, қажетті шаралар қабылдануда.

Соңғы үш жылда Түркістан облысы аумағында интернет желісі арқылы жасалған алаяқтық қылмысы артқан. Түркістан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қаржы пирамидалары жыл сайын әшкереленіп, бірнеше жүздеген адамдар осы қылмыстардың құрбаны болып жатқанына қарамастан, азаматтар жеңіл әрі тез ақша табуына сеніп, осындай алаяқтарға ақшасын беруге дайын.

Маңызды мәселе – жол-көлік оқиғаларын алдын алу. Қабылданған шараларға қарамастан, олардың саны 5 пайызға өскен. Оқиғалар жүргізушілермен жылдамдықты асыру, қарсы бағытқа шығу, жол белгілер талаптарын сақтамау салдарынан орын алған.

Аппарат отырысында Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы мен сатылымы туралы баяндады. Шаһардың әкімшілік-іскерлік орталығында жалпы аумағы 360 мың ш.м. асатын 89 көпқабатты тұрғын үйдің (5649 пәтер) бой көтерген. Биыл тағы 2 мыңға жуық отбасы қоныс тойын тойлайды.

Жалпы 4 жылда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2,5 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға тапсырылып, алаңы 2 есеге артты. Осы уақыт ішінде облыс орталығында 337 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде (15 411 пәтер, 1 001,1 мың м2). 2019-2021 жылдары 113 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді (5 433 пәтер, 342,9 мың м2).

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.