Түркістан облысы

Түркістан: Сенаторлар Қазығұрт шаруаларының жұмыстарын оң бағалады

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ә.Бектаев пен С.Құртаев жұмыс сапарымен келді, деп newsroom.kz хабарлайды.

Арнайы ауданға ат басын бұрған сенаторлар аудандағы ауыл шаруашылығында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Атап айтар болсақ, «Бірлік» өндірістік кооперативінің қарқынды бауының алма жинау науқанына қатысып, ұжыммен кездесті.

Соңғы 10 жылда аудан көлемінде алма баудың көлемі 604 гектарға жеткен. Ал «Бірлік» өндірістік кооперативінде ауданның жүздеген тұрғыны жұмыспен қамтылып, қарқынды бау көлемі – 120 гектарды құрап, бүгінгі таңға 500 тоннадан артық алма жиналған. Сенаторлар қазығұрттық диқандардың жұмысын жоғары бағалады. Сонымен қатар сенаторлар аудан кәсіпкерлері және шаруа қожалық төрағаларымен жүздесіп, олардың өтініштері мен сұрақтарына жауап берді.

Айта кетейік, ауыл шаруашылығына жарамды жері 3940 мың гектар, 2935 агроқұрылымы бар. Қазіргі таңда Қазығұрт ауданында аудан әкімдерінің басқаруымен көптеген жаңа ғимараттардың салынуы бой көтеріп келеді. Әр қиылысқа қойылған бағдаршамдардың да рөл ойнайтыны расталған. Сонымен қоса кез келген аудан тұрғыны қиналмай өз заттарын сатып ала алатын орталық базарың да көлемі жыл өткен сайын үлкейуде.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.