Түркістан облысы

Түркістан: «Алтын адам» тігін фабрикасы бірыңғай мектеп формасын шығарып жатыр

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Түркістан облысы, Сайрам ауданы орталығында орналасқан «Алтын адам» тігін фабрикасы мектеп балалары үшін мектеп формасын тігіп шығаруда, деп newsroom.kz хабарлайды.

«Golden Nomad» пен «Алтын адам» киім бренді Қазақстанның өзге өңірлерінде жақсы танылған.

2013 жылдан бастап іске қосылған тігін фабрикасында бастапқыда классикалық үлгідегі ерлер киімі тігіліп, тікелей тапсырыстар алынып, өнімдері Шымкент қаласындағы және өзге өңірлердегі дүкендерге сатылымға шығарылған. Кейінгі жылдары осы өнімге тапсырыс азайған соң, мектеп формасын тігуге көшкен. 8 жылдан бері бірыңғай мектеп формасына тұрақты тапсырыс берілуде. Жыл сайын 30 мың дана балалардың мектеп киімінен құралған бір жинақ дайындалады. Бұдан бөлек, темір жол, қорғаныс істері қызметкерлері үшін арнайы жұмыс киімдерін дайындауға тапсырыс алынып, қазіргі таңда тігу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда пандемия кезінде 30 мың данадан артық бетперде тігіліп шығарылған.

Аталған фабрика заманауи үлгідегі Түркия, Жапония және Қытай елінен алынған автоматтандырылған құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Фабрика басшысы Халмұратова Балжан Оразәліқызының айтуынша, биыл Алматы облысына қарасты 4 мектеппен келісімшарт түзіліп, 10 мың дана мектеп формасын дайындап шығаруға тапсырыс алынған. Мектеп формасының ұл және қыз балалар үшін бір жинағы – 14500 теңге.

Фабрикада 70-80 адам қамтылған. Алдағы уақытта тапсырыстың көбеюіне қарай 200-ге жуық адам жұмысқа тартылуы мүмкін.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.