Түркістан облысы

Түркістан халықаралық талаптарға сай спорт кешендерімен толығады

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, спортты дамыту бағытында Түркістан қаласында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен жаңа спорт нысандары бой көтерген, деп newsroom.kz хабарлайды.

Түркістан қаласында салынып жатқан олимпиадалық резерв мектебінің әкімшілік ғимараты мен жатақханасының құрылысы аяқталуға жақын. 5 қабатты жатақхана аталған мектеп шәкірттерін, студенттер мен қызметкерлерді уақытша баспанамен қамтамасыз ету үшін салынған. 200 орындық ғимарат құрылысы қазан айында ақталады. Бүгінде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, құрал-жабдықтар орналытуда.

Спортты дамыту бағытында Түркістан қаласында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен жаңа спорт нысандары бой көтерген. Олардың құрылысы облыс басшысының тікелей бақылауында. Нысандардың құрылыс алаңында болған өңір басшысы жауаптыларға жұмыстарды дер кезінде аяқтап, абаттандырумен айналысуды тапсырды. Жауапты сала басшыларымен кездесіп, жұмыстың сапасына баса назар аударуды ескертті. Сонымен бірге облыс әкімі өңірде спортты дамытуға қолдау көрсету жалғаса беретінін, бұл саланың маңызды екенін жеткізді.

Спорт саласына ерекше көңіл бөлініп жатқан Түркістан қаласында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен салынып жатқан барлық ғимарат қаланың көркі ғана емес, тарихи келбеті мен болмысын сақтай отырып, заманауи архитектураның озық жетістіктерін пайдалануда.

Түркістанда «Мұз сарайының» құрылысы қатар жүріп жатыр. Әлемдік стандарттарға сай мұз айдыны 1200 адамға есептелген. Жаңа нысан жыл соңында ашылады. Сондай-ақ «Теннис орталығы», Б.Саттарханов спорт кешені, «Ат спорты кешені» секілді жаңа спорт нысандар бой көтерді. 35 гектар жерде орналасқан ат спорты кешенінде поло-клуб, манеж, стендтік атысқа арналған алаңқай, садақ атуға арналған алаң, канал арқылы өтетін көпір мен атпен серуендеу аймағы болады.

Өңірде футболға айрықша қолдау көрсетіліп жатыр. 20 гектар жерде орналасқан «TURAN» футбол академиясының құрылысы да аяқталуға таяды. Мұнда спортшыларға Еуропаның үздік клубтарындағыдай жағдай жасалады. Жаңа кешенде 10 футбол алаңы болады. Допинг-бақылау кабинеттері, 300 орынды қонақүй бар.

Елімізде теңдесі жоқ ескек есу каналына да су келді. Облыс орталығындағы спорт кешенінің құрылысы халықаралық талаптарға сай жүргізілуде. Жалпы ауданы 100 гектарға жуық алаңда орналасқан су спорты кешенінде ұзындығы 2,5 шақырымға созылатын су арнасы салынды. Құрылыстың екінші кезеңі аяқталған соң, мұнда сапбординг, су шаңғысы, флайбординг, вейксерфинг, канополо, драгонбот және жағажай футболы, волейбол, гандбол, регби секілді су және жағажай спортының танымал түрлерінен сайыстар өтеді. Ескек есу спортын жан-жақты дамытуға мүмкіндік жасалады. Бұл спорт түрінен Түркістан облысы республикада көш бастап тұр.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.