Түркістан облысы

Түркістандықтармен кездескен Ө.Шөкеев тың жобалармен бөлісті

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Түркістан қаласы тұрғындарымен кездескен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ел басшылығының қолдауы мен түркістандықтардың еңбекқорлығының арқасында өңірдің дамып жатқанын айтып, алда жүзеге асатын тың жобаларға тоқталды, деп newsroom.kz жазады.

Әкім өңір экономикасы нығайып, жаңа жұмыс орындарының құрылғанын айрықша атап өтті.

Өңірге инвестиция тарту мақсатында үлкен жоба іске асырылуда. Ол – «Өгем өзенінде су электр станциялары каскады». Бұл жоба бойынша облысқа 293,3 млрд. теңге жеке инвестиция тартылатын болады. Жобаның болжамды құны 722,8 млрд. теңгені құрайды. Құрылыс 2024-2026 жылдары жүзеге асырылады.

Аталған жоба іске асқан жағдайда облыстың оңтүстігіндегі тұрғындарды түбегейлі ауыз сумен қамтамасыз ететін боламыз. Өздеріңізге белгілі жыл сайын елімізде электр дефициті байқалып келеді. Облысқа қажетті электр қуатының 80%-ы сыртқы көздерден тасымалданады (қажеттілік 320 МВт). Аталған мәселені түбегейлі шешу мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп, 1000 МВт Газ станциясын (ПГУ) салуды жоспарлап отырмыз. Биылғы жылдың 15 шілдесінде аукцион өткізіліп, жеңімпазы болып «ПГУ Түркістан» ЖШС-гі анықталды. Құрылыс кезінде 2000-2500, пайдалану кезінде 200-250 тұрақты жұмыс орны ашылады,— деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Өткен жылдың қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштері бойынша өсім қамтамасыз етілді. Жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылы 268,8 млрд. теңгені құрап, өсім 3,6 есеге артты. 4 жылда шағын және орта бизнес субьектілерінің саны 14 мыңнан асып, ондағы жұмысшылар саны 30 мыңға жетті. Өнім көлемі 260 млрд. теңгені құрады. Тартылған инвестиция 291,4 млрд. теңгені құрап, 8 есеге артты.

Жыл басынан бері өнеркәсіп өнімінің көлемі 392,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда едәуір артты. Өңірде 150 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығында 243,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Облысқа 263,2 млрд. теңге инвестиция бағытталды.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.