Түркістан облысы

Арыста заманауи үлгідегі демалыс аймағы ашылды

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Арыс қаласында бір мезетте 700 адамға қызмет көрсете алатын демалыс аймағы ашылды, деп newsroom.kz хабарлайды.

Жаңа орталықтан 40-тан астам арыстық азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Жергілікті кәсіпкер Олжас Сансызбай туризмді дамытуға бағытталған жобасын іске асыру үшін мемлекеттік бағдарлама аясында «Ырыс» микроқаржылық ұйымының 20 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алған. Арыс өзенінің жағасындағы

«Тайбурыл» демалыс аймағы қаланың кіреберісінде орналасқан.

«Бұл демалыс аймағында балаларға ғана емес, ересектердің де сапалы қызмет тұтынып, уақытты пайдалы өткізуіне барынша қолайлы жағдай жасалған. Сонымен қатар жергілікті атқарушы биліктің кәсіпкерге қолдау көрсетуінің нәтижесінде, жобаны Арыс атырабындағы туризм саласының дамуына қосылған ерекше үлес деп атап өтуге тұрарлық», – деді салтанатты шараға қатысқан қала әкімі.

Демалыс аумағының жалпы аумағы 2 гектардан асады. 1 мың шаршы метрлік балалар мен ересектер бассейні бар. Ондағы су 7 сүзгі арқылы тазартылады. Оған қоса, шомылу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы нұсқаушылар мен құтқарушылар қызметі де ұйымдастырылған. 200 көлікке арналған автотұрақ салынған.

Айта кетейік, Арыс — Түркістан облысындағы қала, ал қала әкімдігіне Арыс қаласы мен 6 ауылдық округ кіреді. Ауылдық округтер: Ақдала, Байырқұм, Дермене, Задария, Жиделі, Монтайтас және Қожатоғай. Қазіргі таңда Арыс қаласының аумағында 73,538 мың адам тұрады. Оның ішінде Арыс қаласының ішінде 48,6 мыңға жуық адам. Жергілікті атқарушы орган – Арыс қаласының әкімдігі. Қала әкімдігіне қарасты 13 атқарушы орган өз қызметін жүзеге асырады.

Ал Арыс қаласының алып өлкесінің көне тарихы, тарих қойнауыңының тереңінде жатыр. Археологтардың қазба жұмыстарына сүйенсек, біздің дәуірімізге дейінгі ІV-ІІІ ғасырларда Арыс өзенінінің сағасында оғыз, қыпшақ, қаңлы, дулат, найман, қоңырат және басқа да тайпалар мекендеген. Олар мал өсірумен қатар, үйлестірілген суландыру жүйелерін жасап, диқаншылықпен, жер өңдеумен, қолөнермен, сауда-саттықпен де айналысқан. Өлкенің бай тарихына сүйенетін болсақ, аумақта 3000-ға жуық қорғандар орналасқан. Біздің эрамыздағы І-VІІІ ғасырларда жергілікті жерлерде қалалар мен қалышықтар салынған, шапқыншылық кезінде қалашықтар бұзылып қайта жаңғыртып салынып отырған. Қазіргі таңда қалашықтардың қалдығы археологтардың жүргізген қазба жұмыстарына сәйкес тарихи архитектуралық ескерткіштер ретінде қаралады. Қазақ даласының халқы ұзақ жылдар бойы жоңғар шапқыншылығынан азап шекті. Шапқыншылықтың кесірінен қазақ халқының ханы Абылай орыстың патшасынан көмек сұрауға мәжбүр болды. ХVІІІ ғасырдың аяғында қазақ даласында Ресей патшасының өкілдері келе бастады, олардың мақсаты жоңғар шапқыншылығанан қорғау еді. Осы жағдай Ресеймен экономикалық, сауда-саттық қатынасты жақсартып, одан әрі қарай теміржол құрылыс жұмыстарының басталуына үлкен себеп болды.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.