Түркістан облысы

Адал еңбек абыройға жеткізеді

Тіршілігінде тындырымды тірлігімен көптің құрметіне бөленіп, абырой-беделін туған жерді түлетуге сарп еткен, етіп те келе жатқан азаматтар Мырзашөл топырағында аз емес. Ондай азаматтар қолға алған әрбір ісін соңына дейін жоғары нәтижелермен жеткізіп, биліктің де, бұқараның да сеніміне ие болған жандар. Өзінің адами биік болмысы мен іскерлік қабілетінің нәтижесінде жер емген Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандарының жұртшылығына есімі кеңінен таныс Омаров Шахдат Шапалұлы да 63 жасқа толып отыр, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ес біліп, етек-жеңін жиған сәтінен бастап адал еңбектің нанымен өскен Шахдат Шапалұлын Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы қабылдап, зейнеткерлік жасына толуымен құттықтады. Иығына қазақы салт бойынша шапан жауып, сый-құрмет көрсетті.

Шахдат Омаровтың өнегелі өміріне көз жүгіртер болсақ 1975 жылы Қарағанды Политехникалық институттың «Автомобиль жолдары» факультетіне оқуға түсіп, «Автомобиль және автомобиль шаруашылығы» мамандығы бойынша білім алып шығады. Осылайша оқуды жаңадан бітірген жас маманды сол кездегі қағида бойынша арнайы жолдамамен Өзбек ССР-нің Жызақ облысына жібереді. Көрші елде еңбек жолын қатардағы слесарь, механик болудан бастап, іскерлігі мен жауапкершілігің арқасында техникалық өндіріс бөлімінің басшысы лауазымына дейін көтеріледі.
   1982 жылы Жетісай қаласындағы АТП-21 мекемесіне автоколонна басшысы, 1989 жылы Атакенттегі ауданаралық автобаздың директоры болып тағайындалады. Аталмыш мекемеде еңбек еткен 6 жылда қатарынан 3 жыл ВЦСПС-тің «Ауыспалы еңбек қызыл туын» иеленеді.
      Тәуелсідіктің алғашқы кезеңдерінде кездескен 1994 жылдардағы тоқырау кезеңдерінде Жетісай қаласының әкімі болып тағайындалды. Ішерге ас, киерге киім тапшы кезеңде тұралап қалған қаланың әлеуметтік-экономикалық саласын алға сүйреп, талмай еңбек етті.
   1999 жылы Шардара ауданына кеден басшысы болып ауысқан Шахдат Шапалұлы сол салада подполковник шеніне дейін көтеріліп, 2009 жылы «Оңтүстік су шаруашылығы жобасы» филиалына қарасты Тік дренаж ұңғымаларын пайдалану өндірістік бөлімшесіне басшы болып жаңа қызметке тағайындалады.
Бұл салада да жұмыстың көзін тауып, аграрлы аймақ үшін ауадай қажет тозығы жеткен тік дренажды ұңғымаларды қалпына келтіру, жерасты суы деңгейін төмендету, топырақтың мелиоративті жағдайын жақсарту бағыттарында да көптеген оң нәтижелерге қол жеткізді.
     Айта кетейік, 2018 жылдан бастап «Қазсушар» РМК ТФ Жетісай өндірістік бөлімшесінің басшысы қызметін абыроймен атқарып келген Шахдат Омаров ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хаты», «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Тыңға 50 жыл», «Астана қаласына 20 жыл», «Мақтаарал ауданына 90 жыл», «Жетісай қаласына 50 жыл» мерекелік төсбелгілерінің иегері, «Жетісай ауданының Құрметті азаматы».

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.