Түркістан облысы

Түркістандық шенеунік «Ашық» қосымшасын енгізу үшін кәсіпкерлерден пара алып отырған

Түркістандық кәсіпкерлерден «Ашық» қосымшасын енгізу үшін пара алған шенеунік қамауға алынды, деп хабарлайды newsroom.kz. тілшісі.

Түркістан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстық департаменті «Кентау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

«Аталған лауазымды тұлға Сovid-19 коронавирустық инфекциясының таралуын тежеу бойынша мемлекет қабылдап жатқан шараларға қарамастан, кәсіпкерлерден «Ашық» қосымшасын енгізу үшін оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды бергені үшін 100 мыңнан 120 мың теңгеге дейін пара алды. Күдікті ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес ұсталып, Түркістан қ. ПБ УҰИ-да қамауға алынды», – делінген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Күдіктіге қатысты түпкілікті үкімді оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.