Түркістан облысы

Түркістан: Вакцинаның бірінші компонентін 695 922 адам қабылдаған

0
(0)

Түркістан облысында екпені ерікті түрде салдыратын азаматтардың қатары артып келе жатыр, деп хабарлайды newsroom.kz.тілшісі.

Түркістан облысында бүгінгі күнге дейін 695 922 адам коронавирус індетіне қарсы вакцинаның 1-ші компонентін қабылдаған. Уақыт өткен сайын ерікті түрде салдыратын азаматтардың қатары артып келе жатыр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Алтын Досанова мәлімдеді. Ол өңіріміз коронавирус аурушаңдығының көрсеткіші бойынша жасыл аймақта орналасқанымен арқаны кеңге салуға болмайтынын айтады.

«Облыс бойынша 3600 инфекциялық 300 карантиндік және 320 реанимациялық төсек-орын ұйымдастырылған. Індеттің әр түрлі сценариіне байланысты инфекциялық төсек-орын санын 5 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Мемлекеттік ПТР зертханаларының саны 3 бірліктен 10 бірлікке дейін жеткізілді. Жалпы 950 898 адам тексеруден өткізілді. Бүгінгі таңға ПТР тесттен қалдық 68 786 құрайды. Соңғы тәулікте 106 адам КВИ аурушаңдықпен тіркеліп, оның 43 науқас симптомсыз түрі», – деді облыстық бас дәрігердің орынбасары.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button