Түркістан облысы

Кентаулық спортшыларға құрмет көрсетілді

0
(0)

Кентау қаласының спорт саласында жетістіктерге жеткен спортшылары мен олардың жаттықтырушыларына құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Turkistanmedia.kz.тілшісі.

Спорт күніне орай Кентау қаласының спорт саласында жетістіктерге жеткен спортшылары мен олардың жаттықтырушыларын және Кентау қаласы спорт саласының жанашырларына құрмет көрсетілді. Салтанатты шара эпид жағдайға байланысты карантин талаптары сақтала отырып ұйымдастырылды.

Жиында алғы сөзді алған қала әкімі аппаратының басшысы Амалбек Өміртай қала спортшыларының жетістігін атап, салауатты өмір салтын ұстануға қосып жатқан үлестеріне алғыс білдірді. Жас спортшыларға әлемдік ареналардан көрінуіне тілектестік білдірді.

Сондай-ақ, жыл басынан жоғары жетістіктерге жеткен қала спортшылары және олардың жаттықтырушылары, қаланың спорт саласында аянбай еңбек етіп, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін басқарып отырған мектеп директорлары, Кентау қаласының спорт саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, талай спортшыларды дайындаған ардагер спортшылар, қаланың спорт саласына және де спортшыларына әрдайым қолдау көрсетіп отыратын спорт жанашырлары қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2003 жылғы 15 қарашадағы Жарлығына сәйкес, тамыз айының үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасының Спорт күні болып бекітілген.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button