Түркістан облысы

Түркістан: Ауыл ішіндегі жолдар асфальтталып жатыр

0
(0)

Келес ауданында ауылдың ішкі көшелерін жөндеу жұмыстары қарқын алды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Келес ауданы, Қошқарата ауылдық округінің Қошқарата елді мекеніндегі К.Қалдыбеков көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталды. Құрылысты жүргізіп жатқан мердегер мекеме «Сулейман-2030» ЖШС кестеге сәйкес, 2021 жылдың тамыз айында құрылысты бастап, қыркүйек айының соңына аяқтауды жоспарлаған. Қазіргі таңда құрылыс басында 20 жұмысшы жолдың негіздемесін дайындау жұмыстарын бастап, жол жамылғысын (асфальт) төсеу басталып кетті.

Сондай-ақ, Ұшқын ауылдық округі Ұшқын елді мекеніндегі М.Әуезов (1,350 км) көшесіне де орта жол жөндеу жұмыстары басталып, қазіргі таңда жолдың негіздемесін дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button